Quote:Гость 23.01.2012 в 14:48:32 #170899
Айдаһар Зымыйян... деп басталатын ой жарар сөздерді өзің шығардың ба?Әлде оның авторы бар ма?Жақсы жазған.
К+ жаналыктарында корсеткен болатын, авторы айтыскер акын ...
Менің жазған шумақтарым келесідей:
Жиырма жылдың жүзі болды....
Жиырма жылдың жүзі болды егеменге,
Айта алман, оңай жеттік мұндай күнге,
Отаршыл саясаттан құтылдырған,
Шыққандар алаңқайға суық күнде.
Сол жастарды күрекпен, сумен қуып,
Жастарымыз мертікті, түрме тығып,
Ұлтшыл деді, улыққан есірткіге,
Талай «адам» сол кезде мінбе шығып.
Жиырма жылда неміз бар мақтанатын?
Қалпақ атып аспанға шаттанатын,
Жерді бердік, қымбаттады заттың бәрі,
Боданына қайта кірдік, мақтап атын.
Сол баяғы қалпымыз, өзгеріс жоқ.
Санаулыны байыттық - өзгеріс тек.
Қара халық баяғы күн кешуде,
Патшамыз да сол баяғы, өзгеріс жоқ.
Шындықты айтқан ақындары қазақтың,
Бұл қазақ сорақысын көрмеді ме азаптың?
Ана тілім ақсаңдайды, жетімсіреп бұл күнде,
Жетімдейін жалтақтап, елімде мен мазақпын!
Ана тілді жиыстырып, шүлдірлейміз әлі де,
Басқа тілді үйренеміз, еліктейміз бәріне,
Жетпіс жылда құрымаған, құрып кетпес ендеше,
Шыда қазақ, шыдай түсші, түзетілер бәрі де!
Бәрі жақсы, шыдай түс, жақсы болад(ы),
Мақтағанда ол күнді аузың толад(ы),
Елді патша басқарар бес-ақ жылдан,
Соттарымыз тәуелсіз кезде болад(ы).
Бастықтарың сайраған қазақ тілде,
Мәртебесін марқайтар Ана тілдің,
Қой үстінде бозторғай жұмыртқалап.
Нәсіп етер құдайым ол күнді де!
14.11.2011 ж.