Жан айқайы
Гость 02 Сентября 2009 в 14:28:03
Мұғалімдер хаты
Біз, Ұлжан ауылындағы №152 ЖББ мектеп тің ұстаздары мектеп басшысына көңіліміз толмайды. Барлығымызда басшылықтың басқаруымен жұмыс істеп келген адамдармыз. Бұрынғы басшылық тарапынан әділетті, қаталдықты да көрдік. Онымен қоса қолдаушылықты да, қорғаушылықты да көрдік.
Ал бұл жердегі басшылар шаш ал десе бас алады. "Ұлық болсаң, кішік бол " демеуші ме еді. Ал, біздің Алтын Төреқұлқызы кәрі болсын, жас болсын ешкімнің сәлемін алмайды. Бұл шариғатқа қарсы емес пе? Жұмыс уақытымыз таңғы сағст 8-00 ден кешкі сағат 17-00 деген аты ғана. Өйткені, керексіз жиналыстарыдң кезектен тыс көп болуына байланысты (2-3 сағат) уақытымыздың көбі жиналыспен өтеді. Күндегі қаралатын мәселе қорқыту-үркіту, тырнақ астынан кір іздеу. Қит етсе түсініктеме жаздыру. Алғашқы 3 ай сынақ мерзімімен қабылданғанымызды айтып, 3 айдан соң жұмыссыз қалатынымызды айтып, жанымызды көзімізге көрсетсе, енді қит етсе үкімет тарапынан көрсетілетін премияны қиямын ,-деп қорқытады. Премияны өз қалауымен бермей қоюға құқығы бар ма?
Мынадай қиын заманда коллективтің талқысына салмай өзі қалаған киімді мұғалімдер формасы ретінде алуға ұйғарды.
Алдап-сулап, қорқытып-үркітіп, алуға мәжбүрледі. Бала-шағамыздың аузынан несібесін жырып, сол форманы 16000 (он алты мың ) теңгеге сатып алдық. (Қорыққанымыздан) Сондағы ойлағаны мұғалімдердің жағдайы емес, өзін жақсы ұйымдастырушы етіп көрсету. Оның сөзін қостаушы завучтары " Мы не заставляем, но принудаем" деп келте қайырды. Мектепте мұғалімдерге сенбеушілік қалыптасқан. Жазғы демалыс бойы жұмысқа келген уақытымызды көрсетіп, қол қойып, кешке кеткен уақытымызды көрсетіп тағы қол қоямыз. Балжан Базарханқызы бос күндерді есептеп отырып, сәл ерте кетсек ақшамызды қиып тастайды. Сонда қиылған ақша қайда кетеді? Бұл сенімсіздік пен еңбекті қанаушылық біз үшін қорлықпен тең. Осындай қыспақтарға шыдай алмай мектептен бірталай жақсы білімді мұғалімдер кетіп қалды. Кеткен мұғалімдер орнына өз таныстарын қуана-қуана қабылдап алды. Басшымыз өзіміздің ауылда тұрмаған соң, халықтың әлеуметтік жағдайын түсінбейді, түсінгісі де келмейді. №152 мектеп мұғалімдері.

|