Стихи про наурыз на казахском языке / Наурыз Өлеңдерi

Печать: Шрифт: Абв Абв Абв
admin 18 Марта 2015 в 15:10:14
В преддверии праздника Наурыз школьники пытаются найти праздничные стихи на казахском языке, посвящённые этому весеннему празднику.
Попытался и я, но к сожалению мало что нашёл.
Кто может дополнить, пишите в каменты. Поможем нашим школьникам!



Наурыз жыры. (песня)

Қазағым, наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.
Наурыз тойы- ақ батаның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы.
Жеті түрлі қасиетті дәмменен,
Байтақ елдің бір толады астауы.
Наурыз келіп көктем сазы білінер,
Ойнап- күлген жас балалар жүгірер.
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,
Наурыз ай шаттықпенен нұр берер.
Гүлі шығып дала жайнап құлпырған,
Далам қандай тамаша еді ән тұңған.
Бусап жатыр далам бүгін терлене,
Баурайынан қары кетіп құрсанған.
Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думанмен басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.
Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,
Басқа ұлттармен татулыққа жар салған.
Дәстүрімен мақтанамын елімнің,
«Мен қазақ!»- деп дүниеге жар салам.
Қазағымның жаңа жылы келгенде,
Елім менің қуанышта жүргенде.
Мендегі өлең тау суындай тасйды,
Қазағымның шаттық жүзін көргенде.
Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап- күліп тараңдар!

Наурыз көктем (стих)

Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейрім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.

Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Ақ қайыңның аясында айқасқан,
Балуан білек, қыпша бел.

Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған,
Жаcыл желек, көк аспан.

Наурыз самал, наурыз таң,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.
Комментарии, по рейтингу, по дате
  наргиз 20.03.2012 в 17:08:52   # 185994
мне 10 лет. для меня нет стих про наурыз это невероятно
  Saigulek 04.04.2012 в 12:54:18   # 188499
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын!

Әжем еске түсіреді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже – елдің ырзығы...

Прошли дожди, апрель теплеет,
Всю ночь - туман, а поутру
Весенний воздух точно млеет
И мягкой дымкою синеет
В далёких просеках в бору.
И тихо дремлет бор зелёный,
И в серебре лесных озёр
Ещё стройней его колонны,
Ещё свежее сосен кроны
И нежных лиственниц узор!

Иван Алексеевич Бунин
  Гость 30.05.2012 в 16:36:36   # 200788
Алаш
Ру-деп Казак баласын,
Асылдык ушин талдаймын.
Алаш-деген ун шыкса,
Ушып та барам, калмаймын.

Алаш сози-бирлигин,
Алаш сози-тирлигин.
Алаш сози-киели,
Батырлыгын, ерлигин.

Алаш-десе масайрап,
Кеудемди керип керилем.
Алаш созин сезсем мен,
Олсем де қайта тирилем.

Алаш-келер урпагым,
Алаш-ата-бабамыз.
Алаш-аткан ак таным,
Алаш-ой мен санамыз.

Алаш-отты ураным,
Алаш-айтар жыр-эним.
Алаш-десе елерер,
Елимде сункар кыраным.

Алаш-отым, отаным,
Алаш-эсем каламыз.
Эркашанда жайкалсын,
Алаш ели, даламыз.
Серик Серикбай-улы.

Дүние өтер-кетер.
Білгенді үлгі етпей тұрам қалай,
Жақсының үйі-мешіт, жаны-сарай.
Қолынан келгенінше жақсылықты,
Ерінбей өнеге еткен жанға талай.

Қуантқан адамизат бар баласын,
Бұл өмір қызықтары қандай балдай.
Кей кезде түсінбейсің, таң қаласың,
Жұтқызар бар ащыны заман зары-ай.

Кейде бір қиналғанда зар боласың,
Жылы сөз, пебіз айтар жан табалмай.
Кей кезде көңіл шалқып бір толарсың,
Көңілің қуаныш лебін бір басалмай.

Өмірден жақсы-жаман бәрі де өтер,
Шыдарсың тек әліптің артын бағып.
Жалғанда бір Алла-деп өмір сүргін,
Күнәдан алмағайсыз бетке жағып.

Дуние отер-кетер шолтан кагып,
Омирин су секилди зырлайды агып.
Кетерсин бул жалганнан бир күндери,
Ак бозди орап киип, баска тагып.
Серик Серикбай-улы.

Саган сенип калдырган.
...Алшан баскан халкымнын,
Улан байтак жери бар.
Асырар унин данкымнын,
Ер сыйлаган ели бар.

Калдырган кылып аманат,
Бабалардын тили бар.
Жер уйыктай жери бар,
Карагым муны билип ал.

Билсин сенин затынды,
Бабалар изи балдырган.
КАЗАК-деген атынды,
Саган сенип калдырган.
Серик Серикбай-улы, «Онеге» китабынан

Сулулык-деген журекте.
Деминиз битсе олшеули,
Жалганда кала алмайсын.
Бермесе хусын Раббым,
Тартып ала алмайсын.

...Сулулык-деген журекте.
Бояуды керек етпейди.
Бояганмен бетинди,
Оз бетине жетпейди.

Баттасып жаккан бояуын,
Жамандыкты жасырмас.
Жылтырап бетин турганмен,
Акылынды асырмас.....
Серик Серикбай-улы.

  Markos 18.03.2015 в 15:54:08   # 412570
Рахмет,Айналайындарым, рахмет. Өркендерің өссін!!!
  kkafp 18.03.2015 в 16:21:29   # 412577
Скоро стих из шапки будет выглядеть как-то так

Nawri'z ko'ktem (стих)

Nawri'z ko'ktem, nawri'z ji'r,
Ana meyrіm, shwaq nur.
Jan i''esіn jangartqan,
Aqqan bulaq, na'zіk si'r.

Nawri'z a'lem, nawri'z qus,
Sulw dala, saghi'm tu'z.
Samghay ushqan qari'lghash,
Aqqw qazdar mami'q to's.

Nawri'z dala, nawri'z gu'l,
Tentek sezіm, u'nsіz tіl.
Aq qayi'ngni'ng ayasi'nda ayqasqan,
Balwan bіlek, qi'psha bel.

Nawri'z jawi'n, nawri'z sa'n,
A'sem a'wen, sazdi' a'n.
Qi'z bozbala qi'di'rghan,
Jaci'l jelek, ko'k aspan.

Nawri'z samal, nawri'z tang,
Qali'ng orman uyqi'si'nan oyanghan.
Saghi'ni'shpen qawi'shti'rghan juptardi',
Ji'ldi'ng basi', on ekі ayda toghi'sqan.
Добавить сообщение
Чтобы добавлять комментарии зарeгиcтрирyйтeсь